Skip to content
  • facebook
  • twitter
  • vk
  • telegram
KZ-Инфо
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Бизнес
    • Компании и банки
    • Рынки
  • Технологии
    • Наука
    • Прогресс
  • Происшествия
    • Преступность
    • События
  • Спорт
    • Бокс
    • Футбол
    • Хоккей
  • Культура
    • Искусство
    • Кино
  • Жизнь
    • Стиль
    • Фрагменты

    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?

    KZ-ИНФО
    /
    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?
    Кино Новости культуры

    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?

    Сугир Оспанов 10 сентября 2019
    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?

    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?

    © facebook.com/leila.rakhimjanova

    “Қыз Жібек” фильміндегі басты рөлдегі кейіпкер – Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққаны белгілі болды. Сәукелені жасап шыққан – сәулетші Лейла Рахымжанова, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

    Бұл туралы сәулетшінің өзі Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеген. 

    “Қыз Жібектің сәукелесі менің қолымнан шыққан! Сәукелені шұғыл дайындау керек болды, бірақ киностудия тігіншілері неге екені, оны тігуден бас тартқан. Сосын мен дайын пішінді үйге алып,  Гүлфайрус Ысмайылованың эскиздері бойынша әрбір моншақты қатты картонға тіге бастадым. Түні бойы жасап, сәукелені таңертеңге киностуияға дайындап апардым. Жүздеген моншақ тізбектеліп тігілген жұмысты көріп Гүлфайрус Ысмайылова қатты таңғалды”, – дейді жазбасында Лейла Рахымжанова. 

    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?
    Лейла Рахымжанова. © facebook.com/leila.rakhimjanova

    Лейла Рахымжанова – 1949 жылы 26 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Табиғатынан би мен әртістік қабілеті болғандықтан, жас кезінде “Қазақфильм” киностудиясының бірнеше картинасына түскен. Кейін де фильмге түсуге ұсыныстар болған. Алайда, ол басқа мамандыққа бет бұрып, сәулетші атанған. 

    Лейла Шаймерденқызының айтуынша, сәукелені 18 жасында тіккен екен. 

    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?
    Лейла Рахымжанова © facebook.com/leila.rakhimjanova

    Сондай-ақ, жазбаға пікір қалдырушылардың біріне еңбегінің қалай бағаланғанын айтқан. 

    “Сұлтанахмет Қожықовпен жақсы араласқанымыз соншалық, Гүлфайрус Ысмайылованың көмекшісі болуды ұсынды. Бірнеше ай тегін жұмыс істеп жүрдім, сосын маған айлық тағайындады. Сондықтан еңбегім бағаланды деп есептеймін!”, – дейді сәулетші. 

    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?
    © facebook.com/leila.rakhimjanova

    Сәулетшінің айтуынша, фильмдегі сәукеле этнографиялық туынды емес. 

    “Бұл – суретші Гүлфайрус Ысмайылованың авторлық туындысы. Себебі фильм ертегі секілді жасалды, әйтпесе оны өткізбей қоятын еді. Ол кездері ақсүйек-көшпенділердің өмірін көрсетуге болмайтын”, – дейді Лейла Рахымжанова.   

    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?
    Қыз Жібек костюмінің эскизі © facebook.com/leila.rakhimjanova

    Сонымен қатар, жазба авторы сәукеленің қайда жатқаны туралы сұраққа жауап берген. 

    “Бірнеше жыл бұрын бізді “Қыз Жібек” фильмі жайлы әңгімелесуге телеарнаға шақырған. Меруерт сәукелені киіп келді (қайдан алғанын білмедім). Сәукеленің қақ ортасында үлкен тас болғанын айттым. Меруерт те хабардар болған. Біреу ол тасты үзіп алған, менің ойымша ол жасанды тас болуы керек. Біз мұның дұрыс емес екенін, костюмдер музейде тұруы керек екенін айттық”, – дейді Лейла Рахымжанова.

    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?
    © facebook.com/leila.rakhimjanova

    Қыз Жібек – қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. “Қыз Жібек” жыры – аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарға жас үйіртпей қоймайды. Жібек бейнесі – сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіші.

    Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққан?
    © kk.wikipedia.org

    Айта кетейік, Қыз Жібек – толық метраж екі бөлімнен құралған көркем фильм. 1970 жылы “Қазақфильм” студиясы шығарған. Режиссері – Сұлтанахмет Қожықов. Басты рөлдерде Меруерт Өтекешева, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов ойнаған. 

    Новость подготовлена по материалам http://tengrinews.kz/cinema/kyiz-jbektn-saukeles-kmnn-kolyinan-shyikkan-378620/
    Facebook
    Twitter
    LinkedIn
    Pinterest
    Актер из “Реальных пацанов” стал депутатом в России
    Предыдущая новость
    Где и когда смотреть матч отбора Евро-2020 между Казахстаном и Россией
    Следующая новость

    О нас

    KZ-Инфо - это портал для людей, которые хотят знать все последние новости Казахстана и мира на сегодня. Здесь вы найдете важные события и происшествия, конструктивную аналитику и свежие новости в области политики, экономики, технологий, спорта, общества и культуры РК. Миссия портала новостей KZ-Инфо - честно и правдиво информировать наших читателей обо всем, что происходит в Казахстане и мире.

    АРХИВ НОВОСТЕЙ

    Февраль 2021
    ПнВтСрЧтПтСбВс
    « Сен  
    1234567
    891011121314
    15161718192021
    22232425262728

    ПОДПИСАТЬСЯ

    Добавьте Ваш e-mail в нашу базу данных, чтобы получать свежие новости
    Подписаться!
    Спасибо, что подписались на наши новости
    Пожалуйста, укажите правильный адрес
    KZ-Инфо
    • Карта сайта
    • Политика конфиденциальности
    • Правила пользования сайтом
    • Контакты
    © 2021 KZ-Инфо. Все права защищены.
    • facebook
    • twitter
    • vk
    • telegram
    Мы используем куки для наилучшего представления нашего сайта. Если Вы продолжите использовать сайт, мы будем считать что Вас это устраивает.Ok