Skip to content
  • facebook
  • twitter
  • vk
  • telegram
KZ-Инфо
  • Новости
    • Казахстан
    • Мир
  • Бизнес
    • Компании и банки
    • Рынки
  • Технологии
    • Наука
    • Прогресс
  • Происшествия
    • Преступность
    • События
  • Спорт
    • Бокс
    • Футбол
    • Хоккей
  • Культура
    • Искусство
    • Кино
  • Жизнь
    • Стиль
    • Фрагменты

    Ем іздеп барған неміс дәрігерім қазақтың саумалын іш деді – Уәлибек Әбдірайымов

    KZ-ИНФО
    /
    Ем іздеп барған неміс дәрігерім қазақтың саумалын іш деді – Уәлибек Әбдірайымов
    Жизнь Фрагменты

    Ем іздеп барған неміс дәрігерім қазақтың саумалын іш деді - Уәлибек Әбдірайымов

    Сугир Оспанов 21 сентября 2019
    Ем іздеп барған неміс дәрігерім қазақтың саумалын іш деді - Уәлибек Әбдірайымов

    Уәлихан Әбдірайымов

    “Шаншар” әзіл-оспақ театрының негізін қалаған белгілі актер Уәлибек Әбдірайымов денсаулығы сыр беріп, Германияға барғанда неміс дәрігерінің айтқан кеңестерін әңгімеледі. Бұл туралы ол  “Уақыт көрсетеді” жобасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Сұхбат басында жүргізушінің “Мал-жан аман ба?” деген сұрағына қатысты сөз айтқан актер денсаулығының сыр бергенін, кейін Германияға барып емделгенін баяндайды.

    “Кезінде оқып жүргенімізде мұғалімдеріміз “мал-жан аман ба?” дегенде жанын сұрамай, бірінші малын сұрағаны несі деуші еді. Бірақ мен сол сұрақтың орынды екеніне көз жеткізген бір жағдайды баяндайын. Денсаулықтың шамалы сыр бергенін жасырмаймын. Жұмыс көбейгендіктен бе, қатты шаршау болды. Иммунитетім түсіп кетті. Берлинге барып, көрінген кезімде сол жақта кезінде Қарағандыдан кеткен дәрігер жұмыс істейді екен, өзі орысша таза сөйлейді, дәрумендерін беріп тұрып маған “мынаны ішесіз, үш айдан кейін тағы ішесіз. Ал енді сіздерде қымыз тұрған жоқ па, неге саумал ішпейсіз, біз жете алмай жатырмыз” деді. Ол жылына бір рет демалысқа шыққанда Қарағандыға барып, арқаның ауасын жұтып, қымызын ішіп қайтады екен”, – деп әңгімеледі актер.

    Сосын келіп, саумал ішкеннен кейін Әбдірайымов оның қуатын сезінгенін айтады. 

    “Көзім жетті. Шын мәнінде адамға күш, энергия береді. Жұмысты шаршамай істей бересіз. Лұқпан хәкім өмірден өтетінін сезіп, елімен қоштасарда халқы “бізді енді кім емдейді?” деп жылапты. Сонда “мал бар ғой” деген екен сол кісі. Мал дегенің ағарған, түйенің сүті, шұбаты, қымыз, саумал… Ешкінің сүтіне дейін адамға қандай күш-қуат береді. Содан қазақ “мал-жан аман ба?” деп бекерден сұрамайды екен”, – дейді Уәлибек Әбдірайымов.

    58 жастағы актер сұхбатында денсаулық жағдайын да айтып берді.

    “Менде қант ауруы бар, сусамыр дейді қазақта. Осыдан 15 жыл бұрын байқалған. Оған тыңғылықты күтім керек екенін диабет болғанның бәрі біледі. Ал біз гастрольде жүреміз. Киноға түсіп жатамыз. Сол кезде қонақта “мен мынаны жемейтін едім” деп қалай айтамыз қазақи пейілге? Денсаулығыңды айта бергенге де ұяласың, оның үстіне ет жеп қалған қазақпыз. Содан күтімім азайып кетті. Кейін буындарым ауырып, түнде ұйқы қаша бастады”, – дейді ол.

    Сондықтан ол биылдан бастап денсаулығына көп көңіл бөлгенін айтады. 

    “Жұмыс жалғасып жатыр. Бірақ оның арасында 10 күн тауып, дәрігерлерге қараламын. Көп дәрігерге көрініп, кейін сол саумалға, сүтке тоқтадым. 10 келі салмақ тастадым”, – деп өз денсаулығын айтты Уәлибек Әбдірайымов.

    Айта кетейік, Уәлибек Әбдірайымов – 1961 жылдың 12 сәуірінде Қоғам ауылында дүниеге келген. 1985 жылы актер ҚазҰУ-ды бітірген. 1985-1987 жылы Шымкент қаласындағы орта мектепте, 1987-88 жылы “Қоғам” мектебінде мұғалім, 1988-93 жылы ауданы мәдениет сарайының директоры, 1993-94 жылы “Тамаша” театрында актер болған. Ал 1994 жылдан Жүсіп Ақшораевпен бірге ашқан “Шаншар” әзіл-оспақ театрында актер.

    “Бізге тойды тоқтату керек”. Белгілі актер сүндет той мен бесік тойды алып тастауды ұсынды

    Новость подготовлена по материалам http://tengrinews.kz/story/em-zdep-bargan-nems-dargerm-kazaktyin-saumalyin-sh-ded-379621/
    Facebook
    Twitter
    LinkedIn
    Pinterest
    Свадьба в Чехии, кудалык в Турции. Как казашка выходила замуж за перуанца
    Предыдущая новость
    Google заявила о создании самого мощного в мире квантового компьютера
    Следующая новость

    О нас

    KZ-Инфо - это портал для людей, которые хотят знать все последние новости Казахстана и мира на сегодня. Здесь вы найдете важные события и происшествия, конструктивную аналитику и свежие новости в области политики, экономики, технологий, спорта, общества и культуры РК. Миссия портала новостей KZ-Инфо - честно и правдиво информировать наших читателей обо всем, что происходит в Казахстане и мире.

    АРХИВ НОВОСТЕЙ

    Декабрь 2019
    ПнВтСрЧтПтСбВс
    « Окт  
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    3031 

    ПОДПИСАТЬСЯ

    Добавьте Ваш e-mail в нашу базу данных, чтобы получать свежие новости
    Подписаться!
    Спасибо, что подписались на наши новости
    Пожалуйста, укажите правильный адрес
    KZ-Инфо
    • Карта сайта
    • Политика конфиденциальности
    • Правила пользования сайтом
    • Контакты
    © 2019 KZ-Инфо. Все права защищены.
    • facebook
    • twitter
    • vk
    • telegram
    Мы используем куки для наилучшего представления нашего сайта. Если Вы продолжите использовать сайт, мы будем считать что Вас это устраивает.Ok