Арманжан Байтасов «Үркер» сыйлығының лауреаттарын марапаттады

Арманжан Байтасов «Үркер» сыйлығының лауреаттарын марапаттады

Қазақстандағы жаңа Медиаодақтың негізін қалаушылардың бірі Арманжан Байтасов «Үркер» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салатанатына қатысты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, бизнесмен сыйлықты «Үздік өңірлік басылым» номинациясында жеңімпаз атанған «Рейтинг» газетінің өкіліне табыс етті.

«Баршаларыңызды мерекемен – Журналистер күнімен құттықтаймын. Осы сәтті пайдаланып, тамаша сыйлықты ұйымдастырған министрлікке алғысымды білдіргім келеді. Бүгін сыйлық алған барлық жеңімпаздарды және бұл сыйлыққа ұсынылғандарды құттықтағым келеді. Ерең еңбектеріңіз және Қазақстан журналистикасына қосып отырған үлкен үлестеріңіз үшін рахметімді айтамын», – деді ол.

Байтасовтың айтуынша, бұл, оның осындай іс-шараларға екінші қатысуы.

«Шынымды айтсам, биылдыққа осындай тамаша іс-шараға екінші рет қатысып отырмын – көктемде «Тұмар» сыйлығын тапсырған болатынбыз. Министрлік көп нәрсе атқаруда және бұл жұмыс өте маңызды. Мен өзім көптеген сыйлықтарды өткізген болатынмын және оның медиа-қоғамдастық үшін қаншалықты маңызды екендігін білемін», – деп атап өтті ол.

«Бүгін өте маңызды күн екендігін атап өткім келеді – 28 маусымда Қазақстанның Медиаодағы құрылды. Біздің медиа-кеңістік кемелдене түсті және өзіміздің қоғамдық ұйым пайда болды. Медиаорталықтың келешегі зор болатынына үміттенемін және қоғамымыз жаңа ұйымға қолдау бідіреді деген сенімдемін», – деп түйді Арманжан Байтасов.

Еске салайық, 28 маусым күні еліміздің танымал медиабасшылары мен журналистер тобы «Қазақстан Медиаодағы» қоғамдық ұйымы құрылғанын жариялаған болатын. Осы күні одақ құрылтайшыларының алғашқы жиналысы өтті.

Одақ құрылтайшыларының арасында «ҚазАқпарат» ХАА Бас директоры Асқар Умаров, Арманжан Байтасов, Ерлан Бекхожин, Ерлан Қарин, Шәмшидин Пәтеев, Нұртөре Жүсіп, Нұржан Мұхамеджанова, Батыр Қазыбаев, Дана Орманбаева, Айдар Жұмабаев, Виктор Кияница, Михаил Дорофеев, Арман Шораев және Бейбіт Әлібековтер бар.

©kzinfo.online