Коронавируспен ауырған бір адамды емдеуге күніне 15 мың теңге жұмсалады

Коронавируспен ауырған бір адамды емдеуге күніне 15 мың теңге жұмсалады

Медицина қызметкерлеріне биыл наурыз айында 3 млрд теңге үстемақы төленген

Қазақстанда корорнавирус жұқтырып, ем алып жатқан қазақстандықтардың еміне қанша қаражат жұмсалып жатқаны белгілі болды. «Қазақстан әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов бұл сауалға тікелей эфирде жауап берді. Қор басшысымен белгілі журналист Арманжан Байтасов  Instagram желісінде сұхбат жүргізді.

Арманжан Байтасов и Айбатыр Жұмағұлов
Арманжан Байтасов и Айбатыр Жұмағұлов ©kzinfo.online

Онлайн конференцияда қор жетекшісі «OVID-19 вирусымен күреске республикалық бюджеттен 55,9 млрд теңге бөлінгенін айтты.  Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарда жатқандардың еміне 14,7 млрд теңге жұмсалған. Ал диагностикалық зерттеулерге – 5,4 млрд теңге, короновируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы ретінде 35,8 млрд теңге қарастырылғаны белгілі болды.

«COVID-19 вирусының Қазақстанда тарамауын қамтамасыз ету үшін ТЖ кезеңінде төлемдер жасау үшін арнайы лот қарастырылған. Мұның аясында 3 негізгі бағыт белгіленді: инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлық. Одан тыс, осы індетте басын қатерге тіккен медицина қызметкерлерінің табысына қосымша ақы төлеу, эпидемияға қарсы диагностикалық зерттеулерді қаржыландыру міндеттелді», – дейді Айбатыр Жұмағұлов.

«Егер науқастан коронавирус диагнозы анықталса, ол инфекциялық стационарға ем қабылдау үшін жатқызылады. Егер адамда ЖРВИ симптомы немесе пневмония белгілері кездессе, провизорлық стационарға жатады. Ол бақылауға алынып, ем қабылдайды. Ал коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болып, осы індет тараған шет мемлекеттен келген тұлға болса, карантиндік стационарда бақылауға алынады. Олардың барлығына әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаражат қарастырылған»,- деді Басқарма төрағасы.

Қазақстан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2020 жылдың сәуір айындағы көрсеткіш бойынша 250 млрд теңге қаржы жиналған. Басқарма басшысының айтуынша, COVID-19 вирусымен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне биыл наурыз айында 3 млрд теңге үстемақы төленген. Елде 17 мың ақ халатты жалақысынан бөлек, қосымша сақтандыру қаражатын алған. Олардың 50 пайызы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жұмыс істейтін мамандар. Ал сәуір айында бұл төлемдер екі еселенуі мүмкін. Себебі, кононавирустың таралуы бұл айда тым белсенді жүрді деді Айбатыр Жұмағұлов.