Арманжан Мерекеұлы Байтасов

Арманжан Мерекеұлы Байтасов

Арманжан Мерекеұлы Байтасов 1970 жылы 10 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін қызыл дипломмен тәмамдаған. Философия ғылымдарының кандидаты.

1989 жылдан бастап «Азия дауысы» фестивальдар мен байқаулар бөлімінің бас редакторы, 1991-1992 жылдары – «Мұрагер» шығармашылық бірлестігі бас редакторының орынбасары. 1990-1991 жылдары – Қазақ теледидары жастар редакциясының редакторы. 1992 жылдан бастап – «31 арна» Медиахолдингінің Президенті. 2000-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық телерадиохабарлар ассоциациясының президенті. 2001 жылдан бастап Қазақстанның Журналистика Академиясының мүшесі. 2007-2008 жылдары – «Таң Медиа» директорлар кеңесінің төрағасы. 2008-2009 жылдары – «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры. 2009 жылғы наурыздан – «Рауан Медиа Групп» директорлар кеңесінің төрағасы. 2010 жылдан – «ТАҢ» ТРК директорлар кеңесінің төрағасы, «Icon» ЖШС-нің президенті. 2011 жылғы қыркүйектен – «UMG», компаниясының басшысы, «Forbes Kazakhstan» басылымынан лицензия алды. 2011 жылдан «Forbes Kazakhstan» журналының баспагері, бас редакторы.

©kzinfo.online