Дархан Кәлетаев және Арманжан Байтасов бірлескен Жол картасын бекітті

Дархан Кәлетаев және Арманжан Байтасов бірлескен Жол картасын бекітті

II Республикалық «ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің үшжақты ынтымақтастық форумы барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Қазақстан МедиаАльянс» ҚБ арасындағы бірлескен жол картасына» қол қою рәсімі өтті.

Аталған Жол картасына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев және «Қазақстан Медиа Альянсының» басқарма төрағасы Арманжан Байтасов қол қойды.

«Жол картасы» азаматтық қоғам, дін және жастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ақпараттық қамтамасыз етуде тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін бірқатар бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді.

Атап айтқанда, құжат мемлекеттік органдарға бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуге әдістемелік көмек көрсетуді, журналистерге діни мәселелер бойынша материалдарды  жариялау бойынша тренингтер өткізуді, бірқатар мақалаларды жариялауға жәрдемдесуді, бұқаралық ақпарат құралдарында ҮЕҰ жетекшілерімен сұхбат жүргізуді, өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруды көздейді.

Сонымен қоса, жол картасы шеңберінде Қазақстан МедиаАльянсы стратегиялық бағдарламалар: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасының жобаларының жүзеге асырылуы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қолдау көрсетеді. Бұл – үшжақты ынтымақтастықтың «ASAR» платформасы, Әлеуметтік жобалардың интерактивті платформасы, «Туған жерге тағзым» жобасы, өңірлік азаматтардың ресурстық орталықтарын дамыту, краудсорсинг платформасы және еріктілер корпусы.

Сонымен қатар, бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру шеңберінде бизнес-құрылымдар мен ҮЕҰ арасында 8 меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумдар ҮЕҰ мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен ынтымақтастық жөніндегі  Меморандум жүзеге асырылуда.  Бірлескен іс-шаралар мультипликативті әсерге ие, бүгінгі күні еліміздің барлық өңірлерінде бизнес және ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыстар  басталғанын атап өтеміз.

Айта кетсек, екі күндік «ASAR» республикалық форумы Талдықорған қаласында өтіп жатыр. Форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ болып табылады. Форум жұмысына 300-ге жуық отандық және халықаралық ҮЕҰ, «Атамекен» ҰКП, Филип Моррис Қазақстан, Coca Cola Almaty Bottlers, Raimbek Bottlers сияқты ірі бизнес құралымдар, сарапшылар қауымдастығы, орталық және мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысуда.

©kzinfo.online